«Ақсу» балалар эко-техноорталығына саяхат

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің кезекті өткізген іс-шарасы,  «Ақсу» балалар эко-техноорталығына саяхат жасау болды. Саяхат жасауда оқушылардың танымдық және әрі қарай үйірмелерге белсене қатысуға деген  қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздедік. Балаларды «Бұл қандай орталық?», «Алдымызда не күтіп тұр?» деген сұрақтар мазалады. Оқушыларды есік алдынан қосымша оқыту педагогы И.П. Бережнова қарсы алды. Ол маман жас саяхатшыларға мекеменің қызметі және үйірмелердің түрлері жайлы айтып берді. Саяхат оқушыларға өте қатты ұнады,барлығы көтеріңкі көңіл-күйде болды. Саяхат соңында балалар «Дарын кемпірқосағы» атты үйірмеге жазылды. Мектеп әкімшілігі оқушыларды апарып, алып келуді ұйымдастырады. «Ақсу» балалар эко-техноорталығы педагогикалық ұжымына бізге берген мүмкіндік үшін алғысымызды білдіреміз.

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*