Ұлт Көшбасшысы-елдің тірегі

      «Ақсу қаласының  №3 арнайы  жалпы  білімі  беру  мектеп-интернаты» мемлекеттік  мекемесінде   Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күні және  Қазақстан  Республикасының Егемендік  күнін  мерекелеуге  арналған  дайындық   жұмыстары  белсенді  түрде  жүріп  жатыр.  Тұңғыш  Президенті  күніне орай  бірнеше  іс-шаралар  жоспарланған, олардың  бірі  – «Ұлт Көшбасшысы-елдің тірегі» атты салтанатты  линейканың  өтуі.  Бұл іс-шара  10 сынып оқушылары  және  сынып  жетекшілері  А.М.  Смагулованың  бастауымен  өткізілді.

         Және де  мектеп-интернат  оқушыларымен  қызметкерлері  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  күнін  мерекелеу  аясындағы    Ақсу  қаласының  мәдени-сауықтыру   орталығының   қызметкерлерімен  ұйымдастырылған  концерттік  бағдарламаға шақырылды.

 

 

Мектеп-интернат әкімшілігі