Біз жақсарсақ, өміріміз де жақсарады!

2018 жылдың 13 ақпанында «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының» тәрбиеленушілері басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.З. Акетова және «Жақсылық қозғалысы» атты жас волонтерлер тобының басшысы В.А. Абрамованың жетекшілігмен, Ақсу қаласындағы «Балауса» атты мүмкіндігі шектелген жандарға арналған жартылай стационарға шағын концерттік бағдарламамен барып қайтты. Әлеуметтік көмек көрсететін бұл мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер дәрігерлік-әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық қолдауларға ие болып жатыр. Оның ішінде мүгедек балалар да бар. Жас волонтерлер ән айтып, би билеп бұл балалардың көңілдерін көтерді. Кездесудің уақыты аз болғанымен, өте көңілді өтті. Қоштасарда барлығы бір-біріне жақсы тілектер айтты. Бұл кездесу ақырғы кездесу емес және біз әлі жолығамыз!