«Қамқоршы күні»

Қамқоршы  күні-бұл ерекше мерекелердің бірі. Бұл мереке әртүрлі себептермен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеуге алған адамдар үшін.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан қалған балаларға ата-ана болып жүргендерге алғыс білдіру дәстүрге айналды. Олар балалардың отбасысы болды. Біздің мектепте жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған екі оқушы білім алады. ОларДлусский Анатолий 3 «б»сынып оқушысы, қамқоршысы-Длусская Анна Ивановна. 8 «б» сынып оқушысы Ильина Анастасия, қамқоршысы-Евстратова Татьяна Александровна. 2016 жылдың 28 қазанында бұл қамқоршылар мектепке шақырылған болатын. Мектеп басшысы Г.Қ.Қабұлова қамқоршыларды құттықтап, Ақсу қаласының білім беру басшысы К.Т.Смағұловтың атынан мадақтама берді.