Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы » атты республикалық декада

«Ақсу қаласының  № 3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде  20-30 қараша аралығында   Дүниежүзілік  балалар күніне арналған  «Бала құқығы-адам құқығы » атты республикалық декада  өткізілді.

Декаданың мақсаты – оқушылардың мәдени құқығын, БҰҰ- мен  1989 жылы  20 қарашада  қабылданған,    Бала құқықтары  туралы конвенцияның  негізгі ережелері  бойынша  білім деңгейін  арттыру.

Декада барысында бірқатар  іс-шаралар өткізілді : 1-9 сынып  оқушылары  арасында сынып  сағаттары өткізілді,  мектеп кітапханасында  «Адам құқығын үйренеміз» атты тақырыптық сөре рәсімделді, 1-4 сынып  оқушыларымен  бала құқығы  бойынша  «Смешарики» мультфильмін  қарадық  және оны  талқыладық, «Менің құқықтарым» атты  суреттерді бояу  көрмесі, «Мен құқықтымын» атты плакаттар, коллаждар рәсімделді,                  7-9 сынып оқушылары  арасында  «Сенің құқығын және міндеттерін»  атты  дөңгелек  үстел өткізілді.

Әлеуметтік педагог Ж.Т. Үсенова, психолог Ә.К. Рыспаева 7-9 сынып оқушылары  арасында   «Сенің құқығын және міндеттерін»  атты   дөңгелек үстел өткізді. Бала құқықтары бойынша конвенцияның баптары талқыланып, балаларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.  Оқушылар өте белсенді қатынасты, өздеріне қызықты сұрақтарды қойды, дөңгелек үстел соңында  «Мен құқықтымын» бейнеролигін тамашалады. Саптүзеуде  апталық қорытындытындыланды, мектеп-интернатының  жас волонтерлерлік тобы  «Мен құқықтымын»  буклеттерін әзірлеп, таратты.  Суреттерді бояу плакаттар, коллаждар байқауының  жеңімпаздары  грамоталармен марапатталды.

Әлеуметтіқ педагог Үсенова Ж.Т.