Жақсы дәстүр

Әр баланың жыл сайын болатын сүйікті күні бар – ол, әрине, туған күн. Туған күні болғанда, оқушы мектепте де болып қалады. Бала үшін бұл маңызды күн мектеп қабырғасында да атап өтілуі керек. Біздің мектеп-интернатымызда туған күні болған оқушыларды құттықтауға арналағн жақсы дәстүр бар.

Мектеп-интернатымызда жаз айларында туған күнін атап өткен оқушыларды құттықтауға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымдастырлыған сайыстар мен ойындарға қызығушылықпен қатысты. Балаларға ең ұнаған ойын «Алғашқы ғаламшар ашушы» болды. Бұл ойында оқушылар тобы ІІІ командаға бөлініп, әр команда бір ғаламшар «ашып», одан соң сол ғаламшарға тұрғындарды «топтастырды». Ойын барысында оқушылар өздерінің ұшқыр ойлары бар екенін және шығармашыл екендіктерін көрсетті. Мереке соңында балаларға туған күн иелеріне арналған қабырға газетін шығару ұсынылды. Әр бала өз қиялы бойынша тілек жазу, сурет салу мүмкіндігіне ие болды. Оқушылар мен тәрбиешілер туған күн иелеріне өз құттықтауларын арнауға қуана келісті. Осылай, мерекелік құттықтау плакаты дайын болды.

Іс-шара аяқталған соң барлық оқушы асханаға мерекелік бәліш жеуге барды.

«Ақсу қ. №3 арнайы жалпы білім беру меткеп-интернаты»

ММ-нің тәрбиешілері: Ф.К. Гросс, А.Е. Жалелова

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*