Желбірей бер, көк туым!

Мақсаты:
Оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау, халқымыздың дәстүрлері мен еліміздің өткен тарих мұраларымызды құрметтеу, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, патриоттық рухты күшейту.

«Менің Туым» облыстық жобасы аясында желтоқсанның 11-і мектеп-интернатымызда «Желбірей бер, көк туым» атты шығармашылық сағат болып өтті. Бұл іс-шаранның шарты бойынша әр сынып оқушылары тәрбиешілерімен бірге, Мемлекетіміздің көк туын қолдан жасап шығару еді. Барлық сыныптар акт залында жиналып, іске кірісті. Отанға деген сүйіспеншіліктерін өз жүмыстарынан көрсеткісі келген іс-шара қатысушылары, барлық күштерін, қиялдарын салып еңбектенді.

Шығармашылық сағат соңында, әр түрлі жолмен жасалған көк туымыздың түрін көріп, қуанысып қалдық.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Көк тудың желбірегені,
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі,
Көк тудың желбірегені!

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру
мектеп-интернаты» ММ
Тәрбиеші: Жалелова Асем Ермековна