«Мен оффлайн» акциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралар ЕСЕБІ

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ

Біздің мектеп-интернатымызда 23-25 қаңтар аралығында «Мен оффлайн» акциясы шеңберінде бірнеше іс-шара өтті. 23 қаңтар «Бір күнімді ғаламторсыз қалай өткіздім» атты суреттер және қабырға газеттер сайысы, 24 қаңтар жоғары сынып оқушылары арасында «Мен оффлайн» атты эссе жазу сайысы өтті.

25 қаңтар ғаламторсыз өтетін Халықаралық бір күнге арналған саптүзеу өткізуден басталды. Саптүзеуде оқушыларға осы күннің мақсаты не екені түсіндірілді. Жыл сайын қаңтар айының әр соңғы жексенбісі осы күннің аталып өтілетіні айтылды. Жоғарыда айтылған сайыс жеңімпаздары марапатталды. Саптүзеу соңында ХХІ ғасырдың басты мәселесі әлеуметтік желілердің зияны, дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам баласына тигізетін кері әсері туралы бейнеролик тамашаланды. Саптүзеуден соң оқушылар алғашқы сабақты сынып жетекшілерімен бірге өз сыныптарында осы тақырыпты әрі қарай талқылады.

Ағымдағы жылы ғаламторсыз бір күн 27 қаңтар күніне түсіп тұрғандықтан, бұл күн жанымызға жақын істермен айналысамыз.

Адам техника үшін емес, техника адам үшін жасалған.