Мұражайға саяхат

«Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады»- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, тағылымы мол өткен күндерден мағұлмат беретін мәдени орта ол музей екендігі анық. Өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтап,  халыққа насихаттап отырған дәл осындай шаңырақ бізде де бар. 18 қаңтар күні мектеп-интернатымыздың 5,7 сынып оқушылары   Павлодар қаласының Г.Потанин атындағы тарихи- өлкетану мұражайына  саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушылар мұражайдың   тарихи және архитектуралық  ескерткіш  болып табылатынын білді.  Мұражайды аралау  алғашқы адамдардың еңбек және аң аулау құралдарынан құралған экспонаттармен танысудан басталды саяхат жүргізуші балаларды біздің ауданымыздың, қаламыздың  табиғатымен, жануарлар әлемімен таныстырды. Балалар біздің ауданымыздың, қаламыздың аумағында мекендейтін  ірі және ұсақ  жабайы дала  аңдарыментанысты. Мұражайдағы құстардың алуан түрлілігі де балаларды қызықтырмай қоймады, олардың ішінде торғайлар, жабайы үйректер мен қаздар, құрлар, түнгі аңшылар – жапалақтар т.б. бар. Балалар    киіз үй жабдықтарын, еңбек құралдарын, ескі кұміс ақшаларды, сарбаздардың  жарақтарын қызыға тамашалады. Саяхат балалардың бәріне өте ұнады.  Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

 

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*