Полиция қызметкерімен тілдесу

17.03.2021 ж. «№ 3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-те  Ақсу қ. ПБ ЖПҚБ УПҚ полиция аға лейтенанты Е.Б.Базилов  5-9 сыныпоқушыларымен «Ұсақ  бұзақылық немен қауіпті»тақырыбында сұқбат  өткізді. Е.Б. Базилов оқушыларды ұсақ бұзақылық деген ұғыммен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық»баптарымен таныстырды. Полиция аға лейтенанты оқушыларға  олардың өзіс-әрекеттері туралы  ойлануын және тентек қылықтар жамандыққа, тіпті бұзақылық пен құқық бұзушылыққа  ауысып кету қаупі туралы түсіндірді. Әңгіме нақты мысалдарға негізделді.