Тіл мерекесі аясында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты тәрбие сағаты 5-9″Ә» сыныптары арасында өткізілді.

Мақсаты:
Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мәлімет беру.
«Асық ойнау», «Қол күрес», «Тақия тастамақ» ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын қастерлеуді үйретіп, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыра отырып ойын шартын сай ойнауды үйрету. 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту. 3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.
Байболова Ж.