Тұсау кесер “Пешене”, Думан Рамазан

Рамазан Думан 

1967 жылы 1 тамызда Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) кеңшарында дүниеге келген.

Жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург  Думан Әмірғалиұлы Рамазан 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан

 (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген.

 1984 жылы осы кеңшардағы Кеңес Одағының батыры Жанғазы Молдағалиев атындағы орта мектепті бітірген.

1985-92 жылдары әл-Фараби  атындағы Қазақ Ұлттық  университетің Журналистика факультетінде оқыған.

Одан соң М. Әуезов атындағы   Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ұзақ жыл республикалық   «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеген. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет  бөлімінің меңгерушісі және Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының бас директоры қызметтерін атқарған. Қазір «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы.