ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰМАРЫМ!» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ

Сайдимова Аягул Ботирбекқызы,

дефектолог-мұғалім, «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰМАРЫМ!» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ

«Ең үздік сынып сағаты»

 

Бұл сынып сағаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілді. Осы сынып сағатында ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында жанын құрбан етіп, ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен елін, жерін қорғағандығы туралы айтылды. Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан және оның жетістіктері жайлы өтілді. Балалардың бойында патриоттық сезім туралы қалыптастыру. Еліне, жеріне, тіліне деген құрметті арттыру болды.

 

Біздің туымыз – тәуелсіздік,

Тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. 

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар.

Ол – тәуелсіз Қазақстан. 

 (Н.Ә.Назарбаев)

Мақсаты:

  1. Оқушыларда мемлекеттің тәуелсіздігі туралы, азаматтық және патриотизм негіздері жайлы түсінік қалыптастыру; ҚР рәміздері туралы білімді бекіту.
  2. Оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту.
  3. Отанға деген сүйіспеншілігін, басқа ұлт өкілдеріне деген құрметін, ҚР рәміздеріне, Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

 

– Қазақстан, туган өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Көк туымды желбіретем.

 

– Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар. Біз бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өту үшін жиналып отырмыз.

– Бүгінгі сынып сағатын бастамас бұрын барлығымыз орнымыздар тұрып, оң қолымызды жүрек тұсына қойып, ән ұранды шын көңілмен, Отанға деген махаббатпен, сүйіспеншілікпен орындайық. (Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалады)

– Отан-ең маңызды, қымбат және сүйікті сөз. Әр адамның өз Отаны бар. Біздің отанымыз – Қазақстан. Жер планетасында көптеген түрлі елдер бар және әр елдің өзіндік рәміздері бар. ҚР Мемлекеттік рәміздерін екі тілде атап шығайық. (Оқушылар қазақ, орыс тілдерінде рәміздерді атайды).

– Дұрыс балалар, ал еліміздің рәміздері туралы не білеміз? (Рәміздерді көрсетіп, сипаттау.)

– Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі, астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді. Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді. Қазақстанның ән ұраны халқымыздың күшін, еңбегі мен мақтанышын дәріптейді.

– Отан деген сөзбен біз сүйікті мектебімізді, отбасымызды, әдемі қаламызды, бүкіл Қазақстан Республикасын түсінеміз. Кең және еркін орналасқан өлке, онда көршілес дала мен шөл, төбелер мен ормандар бар. Бұл біздің Отанымыз.

– Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Ұлы Отан.

Елім менің терегім,

Құшағында гүл Отан.

– Біз өз Отанымызды, өз өлкемізді мадақтаймыз, сондықтан Қазақстан халқы сөйлейтін өз тілімізді білуге, түсінуге және үйренуге тиіспіз. (Слайд 1)

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, үлкен отбасымыз. Біз бәріміз осы үлкен үйде тату-тәтті, бейбіт өмір сүруіміз керек. Біздің елімізде достық пен өзара түсіністік біріктіретін 120-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.

– Құстың күші канатында, адамнын күші достықта.

– Балалар, қанекей, әр түрлі тілдерде бір-бірімен амандасайық. Қазақтар: «Сәлеметсіз бе», «Қалыңыз қалай?», Орыстар: «Здравствуйте», «Добрый день», украиндар – «Здрастуйте» немесе «привит»дейді.

 

 

Қорытынды. Осымен бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сынып сағатын аяқтаймыз.  Сендердің Отан алдындағы борыштарың білім алып, тәптіпті үлгілі болып өсу. Қазақта «Шашу» деген жақсы дәстүр бар. Кез-келген жақсы оқиға бақытқа, әл-ауқатқа кәмпит шашумен бірге жүреді. Баршаңызға осылай тілейік – Денсаулық зор болсын, бақыт болсын, достық болсын. Бақыт, сәттілік, денсаулық! Шашудан теріп алыңдар! Шашу! Шашу! Шашу!