«Қамқорлық» акциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен біздің ұжым мүшелері де аз қамтылған және көп балалы отбасында тұрып жатқан оқушыларымызға кішігірім көмек көрсетуге жөн көрді. Атап айтсақ, Брат Н., Кульманов А.,  Есенбайев Д., Кульчевский В., Уатхан А., Борзовец В., Хусаинов Д. отбастарына  азық-түлік, гигиеналық жинақтарын  апарып, акцияға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар мектебіміздің 9-ші сыныбының қыздары тәрбиешісінің жетекшілігімен «Сәлима» атты сұлулық салонына саяхат жасап,  тегін шаш алғызу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы ұжым қызметкерлері осы игі істі жалғастырып, мектеп құрамындағы көп балалы және аз камтылған отбасындағы балалардың барлығын акция барысында қамтуды жоспарлап отыр.