Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

4 қазан күні мектеп-интернатымызда өте ерекше күн болды. Ерекшелігі таңертеңгі мезгілден бастап, барлық оқушы және ұстаздардың көтеріңкі көңіл-күйінде болды. Әдемі киінген оқушылар мен мектеп тәрбиешілері ұстаздарды есік алдынан күтіп алды. Тілектер мен құттықтаулар айтқанда ұстаздар қауымының ерекше қуанғанын көрдік.

Күніміз арнайы шақыру алған мектебіміздің зейнеткерлерін қарсы алумен жалғасты.

Зейнеткерлеріміз интернат ішінде экскурссия жасады. Мектебімздің көп өзгергенін айтып, қуанысып қалды.

Концерттік бағдарламаның да уақыты келіп жетті. Ұстаздар мен оқушылардың күшімен дайындалған бағдарлама барлық көрерменнің көңілінен шықты. Әзіл шыны аралас екі  сахналық қойылым көрсетілді. Мектеп басшысы бастаған ұстаздар қостаған топ ән шырқады. Оқушылардың бірнеше әндері мен мәнерлеп оқыған өлеңдері жүрек тебірентті. Концерттік бағдарлама соңында естелік фотосуретке түстік. Күннің екінші жартысында мектеп-интернатымыздың кәсіподақ ұйымы әзірлеген мерекелік дастархан үстінде зейнеткерлер мен мектеп ұжымы бас қосты.

Керемет кең және бай дастархан мәзірі барлық адамның көңілінен шықты. Зейнеткерлеріміздің жүрек жарды тілектерін тыңдап бір марқайып қалдық. Күн соңында осы күннің естелігі ретінде қонақтарымызға фотосурет пен тәтті сыйымызды ұсындық.

 

                     «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интарнаты»

ММ-сі кәсіподақ ұйымының төрайымы

Асем Ермековна Жалелова

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*