Әди Шәріпов

Әди Шәріповтың есімі қалың оқырман қауым үшін етене таныс. Оның қаламынан туған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Дос сыры» атты шығармалары көпшілікті, бірнеше толқын ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге қызмет жасады. Шынайы шындыққа негізделген шығармалары көркемдік деректілігі жағынан оқырмандардың жоғары бағасын алды. Әди Шәріпов шығармалары бүгінде әдебиетіміздің алтын қазынасына қосылып, ел игілігіне айналуы қаламгердің рухани өмірінің жалғасы.