Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Құқықтық білім апталығы өтті.

Заңды білмейтін адам, өзінің құқығын толық пайдалана алмайды. Мектеп-интернат оқушылары өздерінің құқығынпайдалана білу үшін, оқу мекемесінде «құқықтық білімі» апталығы болып отырады. Осы жылы кезекті құқықтық ликбез өтті. 2016 ж. 5-10 желтоқсан аралығында мектепбасшылары және әлеуметтік педагог Ж.Т. Үсенова, құқық тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ш. Ермұлатова, тәрбиеші С.Е. Гордица және ОДҢ инспекторы С.Е. Тоқсанбаевтың қатысуларымен дәріс өтті. Оқушылар белсенді қатысып, зияткерлік ойын құқықтары жайлы мәлімет алды. Біздің мектебімізде құқықтық білім апталығын шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді.

 

5 желтоқсанда «Тұлпар» газетіндегі мақала. А.В. Сухомийскийдің сөзімен басталған болатын «Құрметке лайық адам, басқа адамдарды құрметтей білетін адам».

6 желтоқсанда мектеп кітапханасында кітапханашы М.Д. Купобаевамен бірлесіп «Құқықтық планета» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Барлық әдебиеттер, оқулықтар таңдалған тақырыпбойынша қолданылды.

7 желтоқсанда КТІБ инспекторы С.Е. Тоқсанбаев мектептің залында 5-10 сынып аралығындағы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі тақырыбында әңгіме өткізілді. Ол қатысушыларды ҚР қылмыстық кодексінің қандай қылмыстық жазаны тартатынын ашып айтты. Қандай құқық бұзушылық және оны тудыратын жағдайлар, кәмелетке толмағандардың профилактикалық есепке қоюға, қандай жағдайда қылмыстық іс қозғалатынын ескертіп айтты.

8 желтоқсанда оқушыларды «21 ғасырдың көшбасшысы» қызықты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараны әлеуметтік педагог Ж.Т. Үсенова, құқық және тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ш. Ермұлатова дайындаған болатын. Ойынға төрт команда қатысты. Қатысушыларға төрт бөлімнен өтуге тура келді. Барлығы визит карточкасынан басталып, әр команда өзінің ұранын және команда аттарын ойлап табу керек болды. Екінші бөлімде «Байга» әр команда қойылған сұрақтарға жауап берді. «Полиглот» бөлімінде барлық қатысушыларға сұрақ қойылды және жауап екі тілде қабылдайды. Төртінші бөлімде «Көкпар» мектеп заңы және жаза мен қылмыс туралы сұрақтар болды. Бұл бөлімде оқушылар сұрақтарды ұяшықтардан таңдады. Әр команда тапсырмаларды жүргізушілердің көмегімен орындады. Заңды түрде дайын болып «Әділдік лигасы»командасы болып шықты, ол 243 баллмен алға шықты. Сонымен қатар келесі белсенді қатысушыларда айтып өтуге болар. Олар: Аксенов Н., Смольянина О., Карпекова М., Кукреш Е., Кожахметов Д., Алипаев Қ., Каюмов И., Лапицкая А., Мельник Е.

9 желтоқсанда тәрбиеші С.Е. Гордицаның ұйымдастыруымен 7Б, 8Б сынып аралығында заң және мен тақырыбы төңірегіндебаяндама оқылды. Тәрбиеші оқушыларды заң, қылмыс және жаза жауапкершілігі сияқты ұғымдармен таныстырды. Сұрақтар нақты қойылды және оқушылардан толық жауап алынды. Баяндама соңында, қызықтық арифметика видеоролик көрсетілді. Жалпы С.Е. Гордица өзінің мақсатына жетті деп айтуға болады.

10 желтоқсанда жалпы мектепішілік жиналыста өткен апталық қорытындыланды. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.