Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Наурыз мейрамы қарсаңыңда «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша турнир өтті.

Қазақ  халқының  тарихи-мәдени  мұрасын  құрметтеу  және  қазақ  ұлттық ойындарына деген  қызығушылықтарын  арттыру мақсатында 2017 жылдың 17 наурызында  «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат» ММ-де  «Асық ату»  ұлттық ойыны бойынша турнир өтті.

 

 

Турнирге Павлодар облысының арнайы мектептерінің 5 командасы қатысты. «Асық ату» бойынша өз күштерін сынап  көруге 10-15 жасқа келген балалар мүмкіндікке ие болды. Турнир қорытындысы бойынша «ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат» ММ-ің  командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат»КММ-ің командасы  жеңіп алды. Үшінші орынды «Павлодар қаласының №4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат» ММ-ің командасы иеленді.