Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Мектеп тарихы

Ғасырға жуық жолдан өткен білім ұясы

Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты 1973 жылы қыркүйекте ақыл-ойы кеміс балаларға арналып ашылды. Мектеп –интернатқа Ақсу кентінің бұрынғы №3 орта мектеп ғимараты берілді. Ол мектептің ірге тасы 1961 жылы қаланған болатын.

 

2002-2014 жылдары атауы «Ақсу қаласының №3 арнаулы түзеу мектеп-интернаты» ММ-сі болып өзгертілді. 2014 жылдан бері «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі деп аталады.

 

 

Алғашқы мектеп-интернат директоры болып Керейкина Мария Степановна тағайындалды.

Облыстық білім беру бөлімінің бұйрығымен 2001 жылы психикалық дамуы тежелген оқушыларға арнаулы сыныптар ашылды.

Мектеп ғасырға жуық жолдан өтті. Осы мерзім ішінде білім ұясын небір талантты да тәжірибиелі ұстаздар басқарды. Алғашқы директор Керейкина Мария Степановна 1973-1977 жылдары, 1977 -1986 Әубәкірова Жүрсила Қорабайқызы, Дмитриева Тамара Михайловна 1986 -1993 жылдар аралығында, 1993-2009 жылдарда Ахметов Майдан Ахметұлы жетекшілік етті. 2009-2013 жылдары мектепті жоғары санатты әдіскер және жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Хаиров Чапай Нығманұлы жетекшілік етті. 2013 жылдан бері практикалық психолог, жоғары санатты дефектолог Ғалия Қайркенқызы Джұмағұлова басқарып келеді.

Қазіргі кезде еңбек демалысындағы Ахметова Қ.Қ., Жексенаева М.К., Виниченко О.С., Окапова Б.З., Исамбаева С.Х., Заворотнева Н.Н.,Радионова Г.Д. тағы басқа да мектептің алтын қоры тәрізді ардагер ұстаздар еңбек етті. Бұлар мектеп өмірінде өшпес із қалдырған қадірлі ұстаздар. Олардың дәріс берген шәкірттері өмірде өз орындарын таба білді.

Атап айтсақ, Бастемиев Мейрам, Ахметова Динара, Дроздов Сергей, Ахметов Ақылбек сияқты оқушыларымыз Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжін тамамдап, бұл күнде қаламыздың АФЗ зауытында, Карпенко Сергей Ресей жерінде еңбек етуде. Көптеген шәкірттеріміз Ақсу қаласының №3 кәсіптік лицейін аяқтап, алған мамандықтары бойынша жұмыс жасауда.

2009 жылы Хаиров Чапай Нығманұлының тікелей басшылығымен мектеп-интернат тарихында алғашқы қазақ сыныбы ашылды. Жылдан-жылға қазақ сыныптары көбейіп келеді. Қазақ сыныптары үшін ұлттық жас мамандар жұмысқа тартылды. Атап айтсақ : логопед, психолог, мемлекеттік тілді еркін меңгерген тәрбиешілер.

Қазіргі оқушылар саны -107, мұғалімдер саны -45 . Жыл сайын ұстаздар қауымы жас мамандармен толықтырылып отырылады.

Интернатымыздың ұстаздар қауымы еңбексүйгіштігімен, оқушыларына деген қамқорлықтарымен, аналық жүректерімен, аялы алақандарымен, ізденімпаз, ең асылы-бірлігімен халыққа танымал болып отырған ұжым. Олар жас ұрпақты тәрбиелеудің, оқытудың жаңа тиімді формаларын меңгеріп, жаңашылдық әдіспен еңбек ететін мұғалімдер ұжымы.

Мектептің педагогикалық ұжымы оқушыларға тәрбие беру ісіне айрықша көңіл аударады. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау-өскелең өмір талабы.

Қазақ балаларына халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттау мақсатымен «Асыл мұра» үйірмесі жұмыс істейді.Үйірме жұмысы «Атамекен» бағдарламасы негізінде құрылған жоспармен жүзеге асады.Сабақта және сыныптан тыс мәдени іс-шараларда «Атамекен» бағдарламасының «Салт», «Сөнбес жұлдыздар», «Толғау», «Домбыра-дастан», «Асыл мұра», «Шежіре», «Наурыз», «Зергер», «Төрт түлік», «Ою-өрнек», «Ардагер», «Дулыға» сияқты бағыттары кеңінен қолданылады.Мектебімізде «Атамекен» этнографиялық бұрышы бар. Онда тілге және салт-дәстүрге қатысты іс-шаралар өткізіледі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, оқушылардың денсаулығын сақтап, шыныққан, шымыр етіп тәрбиелеуде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінгің еңбектері мақтауға татарлық. Олардың жемісті ісінің нәтижесінде мектеп жыл сайын спорттық жарыстарда жеңімпаз атанып келеді.Атап айтсақ, 2011,2012 жылдары республикалық Спешиал Олимпекс жарыстарында 9 алтын, 6 күміс, 6 қола медальдарына ие болып, облыс командасының 1-і орынға шығуына үлес қосты. 2013 жылы волейбол бойынша қыздар командасы ІІ орынға ие болса, үстел теннисі бойынша ұлдар командасы І орынға ие болды. 2014-2015 оқу жылы Горкунов Владимир ІІІ орынды иеленсе, қыздар және ұлдар командасы волейбол бойынша ІІ орындарға ие болып, мектеп қоржынына 15 күміс медалін салды. Биылғы жылы мектеп-интернаттың ұлдар командасы волейбол бойынша республикалық турнирға қатысып, 8 күміс медалін және спорттық костюмдерін әкелді.

Павлодар қаласында жыл сайын өтетін республикалық «Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылық фестивалінде оқушыларымыз 3 жыл ішінде - Қартабаева Дина, Халамхан Айман, Тонких Артур және Смольянина Олеся жүлделі 3-і орындарды иеленді.

2011 жылы күрделі жөндеу жұмысы өткізіліп, мектеп-интернаттың келбеті көп өзгерді. Мектептің мәжіліс залы, жатын бөлмелері танымастай келбетке ие болды. Мәжіліс залы мектепте өтілетін іс-шаралар орталығына айналды. Мектепті, мектеп ауласын көркейтіп, көріктендіру мақсатында көп жұмыстар атқарылып жатыр. Басшылардың ұйымдастырушылық қабілетіне, барлық оқу-ағарту, шаруашылық істеріне оның орынбасарлары жәрдемдесіп, үнемі қолқанат болуда.

Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан –жылға нығайтылып келеді. Оқу кабинеттері қазіргі заманғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Бір компьютерлік класс, 3 шеберхана, кітапхана, спорт залы, мәжіліс залы, қазақ тілі, логопед, психолог кабинеттері жұмыс істейді. Мектеп кітапханасы жыл сайын жаңа басылымдармен толыға түсуде. Оқушыларды дәмді, ыстық аспен қамтамасыз ететін, жақсы жабдықталған асхана жұмыс істейді. Күніне 5 рет тамақтанады.

Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді. яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Шамасы жететін кәсіптің иесі болу -әрбір мүмкіндігі шектеулі адамның арманы. Ендеше мүмкіндігі шектеулі балалар болса да кірпішін қалау-ұстаз, тәрбиешінің ұлы мұраты, ұстаздық шеберлігі. Осы биік мақсатты орындауды ұжымымыздың әрбір мүшесі өз міндеті деп біліп, осы жолда еңбек етіп келеді және де аянбай еңбек ете бермек.

Аубакирова Журсиля Корабаевна – директор, ТБК зауыдының өкілі, Ахметов Майдан Ахметович  -ОТЖДО, Радионова Галина Дмитриевна - ТЖДО

 

Еркетаев Аяз Жуматурсынович- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Миняшева Шолпан Жанатаевна –тәрбиеші, Ахметов Майдан Ахметович – директор, Ахметова Галия Кульшариповна – бастауыш сынып мұғалімі, Жексенаева Макпуршын Кушегеновна – математика мұғалімі, Окапова Бану Зейнуловна – бастауыш сынып мұғалімі, Смирнова Любовь Федоровна -ТЖДО.

Асатулина Нуриля Мукашевна - Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімдері - Ахметова Галия Кульшариповна, Лаптева Нина Сергеевна, Окапова Бану Зейнуловна, Дарьина Евстолия Федоровна

Хаиров Чапай Ныгманович – директор, №3 АТМИ Ақсу қаласы, 9 мамыр 2011 жыл

1972 жылдың түлектері. 2012 жыл, қыркүйек айы

Қарттар күніне қарсы мерекелік жиын. 2013 жыл