Ақсу қаласының №3 арнайы мектеп интернаты
Тәрбие беру жұмысы

Мектеп-интернаттағы тәрбие жұмыстары қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтық сана-сезімге, толеранттылыққа, жалпы мәдениетке, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылық қабілеттерді жүзеге асыруға және кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауға бағытталған.

Тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлері балалардың жеке дамуын анықтау, қызығушылық, тәрбиелік дамуының деңгейі мен тәртібін түзету сияқты бағдарларға байланысты таңдалады.

Тәрбиелік деңгейді жақсарту мақсатында жүйелі түрде кәмелет жасына толмағандар мен мектепішілік  бақылау тізімінде тұрғандардың отбасыларымен қарым-қатынас пен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Әрбір іс-шараның мақсаты-тәрбиеленушіге нақты тәрбие тұрғысынан әсер ету, ол адамгершілікке, эстетикаға, азаматтық-патриоттыққа, салауатты өмір салтын ұстануға, еңбекке дағдысын және танымдық қызығушылықтарын тәрбиелеу.



«Қамқорлық» акциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 

Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.

Көбірек оқу...
 
Армандар орындалады

«Алақай! Келе жатыр Жаңа жыл!!!» - бұл Жаңа жылдан алдын еститін қулаққа жағымды сөздеріміз. Жаңа жыл мерекесі - қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі! Барлығымыз ертерек тілек тілеп, сыйлық алып, Жаңа жылда жақсы көңіл күй көтеруге асықпыз. Жаңа жыл шыршасы ше, оның әдемілігі көз тартады! Дала табиғаты қандай көркем!

Көбірек оқу...
 
Еңбек және шығармашылық апталығы

2017 жылдың 9-14-ші қазан аралығында жалпы мектепшілік «Еңбек және шығармашылық» апталығы өткізілді. Апталыққа арнайы жоспар және жауапты мұғалімдер тағайындалды. Апталық аясының бірінші күнінде

Көбірек оқу...
 
Наурыз мейрамы қарсаңыңда «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша турнир өтті.

Қазақ  халқының  тарихи-мәдени  мұрасын  құрметтеу  және  қазақ  ұлттық ойындарына деген  қызығушылықтарын  арттыру мақсатында 2017 жылдың 17 наурызында  «Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат» ММ-де  «Асық ату»  ұлттық ойыны бойынша турнир өтті.

Көбірек оқу...
 
Спорт – денсаулық кепілі

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.

Көбірек оқу...
 


Страница 1 из 5