Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» негізгі ережелер туралы жадынама»

Ата-аналар міндетті:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің олардың еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда: – 7 жасқа дейін – тәулік бойы; – 7 жастан 14 жасқа дейін – 21 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейін; – 14 жастан 18 жасқа дейін – 22 сағаттан 6 сағатқа дейін болуына жол бермеу.
  2. Кәмелетке толмағандардың оқу уақытында интернет-залдарда, ойын клубтарында, кафелерде, барларда, мейрамханаларда, кинотеатрларда және басқа да ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеу.
  3. Олардың еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдердің алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, оның негізінде дайындалатын сыра мен сусындарды ішетін қоғамдық тамақтану ұйымдарында болуына жол бермеу.

Кәмелетке толмағандарға (18 жасқа дейін) тыйым салынады:

  1. Есірткі заттар мен есеңгірететін заттарды, алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, оның негізінде дайындалатын сыра мен сусындарды пайдалану.
  2. Темекі шегу.
  3. 22 сағаттан кейін сұлулық байқауларына және сыртқы келбетін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларға, сондай-ақ басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысу.
  4. Алкоголь және құрамында спирті бар өнімдерді, оның негізінде дайындалатын сыра мен сусындарды тұтынуға (ішуге) арналған қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында ата-анасының еріп жүруінсіз болу.
  5. Ойын мекемелерінде болу.
  6. Оқу процесі кезінде ойын клубтарында, интернет-залдарда және басқа да ойын-сауық мекемелерінде болу.