Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу

Қазақстан республикасының заңы білім туралы
(01.01.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)
49 бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарын таңдауға міндетті;
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға құқылы;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқылы;

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік және Дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті;
2) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті;
3) келуді қамтамасыз етуге.

ҚР Қылмыстық Кодексі
140 бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

1. Алып тасталды ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбие, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

122 бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер

1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер, – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата – анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол іс-әрекеттер-белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, жасалған іс-әрекеттер:
1) бірнеше рет;
2) екі және одан да көп адамға қатысты