Назар аударыңыз! Бос орын!

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «№3 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ бос лауазымға конкурс жариялайды ЛОГОПЕД
• Жалақы деңгейі: 81722 теңгеден бастап (0,5 мөлшерлеме)
• Біліктілікке қойылатын талаптар:
• жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім
• мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін-кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін-6 жыл.
• ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс тәжірибесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) соттылықтың  болмауы туралы анықтама;
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ
140102, Павлодар облысы,
Ақсу қаласы, Ақсу кенті,
8 Март көшесі, 8 ғимарат
тел. 8(71837) 3-02-05
e-mail :internat_aksu@mail.ru

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бос орын 29 шілде 2022 ж.
Байқау 2022 жылдың 06 тамызында өтеді.