«Оюлар әлемінде»

Бүгін мектеп-интернатымызда Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай «Оюлар әлемінде» атты суреттер көрмесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдаумен қоса тілге, туған жер, елге деген махаббатын бойларына ұялату. Суреттер көрмесі түрлі стильдегі қызықты суреттердің арқасында қызықты өтті. Көздің жауын алатындай да туындылар болды. Көрме соңында белсенділік танытқан барлық оқушылар дипломдармен марапатталды.
Тәрбиеші: Сагимбекова М.Б.