«Туған күніңмен, мектебім!» атты спорттық мереке

Бүгін интернатымызда мектептің 50 жылдық мерейтойын атап өтуіне байланысты «Туған күніңмен, мектебім!» атты спорттық мереке өтті. Жарысқа ұстаздар тобы мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Белсенді қатысушылардың арқасында жарыс тартысты өтті. Жеңіске деген жігерін танытып, достыққа деген талпынысын көрсеткен ұстаздардан құралған «Сұңқар» тобы жүлделі 1-орынды иеленді. Екі топ мүшелері де дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.