Қорқытып алушылық деген не?

23.09.2021 жылы Ақсу қ.ПБ МӨҚҚБ УПҚ «№ 3 арнайы  мектеп-интернаты»  КММ полиция аға лейтенанты Е. Б. Базилов 5-9 сынып оқушыларымен  «Қорқытып алушылық деген не?»  тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында инспектор ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелерін қозғады. Балаларға қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Әңгіме нақты мысалдарға негізделді.

Әлеуметтік педагог Үсенова Ж. Т.