2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні

Аутизм» термині гректің «autos» «өзі» деген сөзінен шыққан. Бұл терминді 1920 жылы швейцариялық психиатр Е. Блейхер енгізді. Аутизм – әлемнен оқшаулану, өзінің әлемінде жүру.

Аутизм дегеніміз жүйке жүйесі дамуында тұрақты бұзушылықтармен сипатталатын жай-күй немесе ауытқу. Бала өмірінің алғашқы 3 жылында байқалады. Оған келесі ерекшеліктер тән:  адамдармен араласудың және қарым-қатынастың қиындығы, ақпаратты өңдеудің қалыпты емес тәсілі, әдеттік мінез-құлыққа бейімділік және т.б. Бала шынайы өмірден алыстап кетеді, осылайша оған бейадекватты жауап қайтарады. Осыдан кейін сөйлеу қабілетінің, қимыл-қозғалыстың бұзылуы, әлеуметке бейімделе алмау секілді мәселелер туындайды.