![qwertybek](https://internataksu.kz/wp-content/uploads/2024/04/qwertybek.jpg)
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай «Бауырсақ Fest» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық тағамдарымыздың бірі нанды, бауырсақты қадірлеп, қастерлеуді үйрету. Ұлттық бауырсағымызды жас ұрпаққа дәріптеу. Байқауға 1-10 сынып оқушылары және бірнеше аналар қатысты. Байқаудың соңында аналарымыз өздері пісіріп келген бауырсақтарын мектеп оқушыларына жақсы тілектерін айту арқылы таратып берді. Байқауға қатысқан аналары мен балалары алғыс хаттармен марапатталды.