Ағымдағы жылдың 26 қазанынан мектебімізде «Даналық мектебі» атауымен ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын бастады.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру.
Орталық қызметінің принциптері:
- Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
- Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
- Ата-аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
- Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
- Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен білікті сарапшыларды тарту.
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда әр отбасына өз әлеуетін ашуға көмектесу, ата-аналардың алдында тұрған мәселелерді шешуге жәрдем беру маңызды. Бұл жағдайда келесі факторларды ескеру қажет:
- Әр отбасының мықты жақтары мен маңызды практикалық дағдылары бар.
- Ауызбіршілігі күшті отбасы кез келген қиындыққа төзімді болады.
- Тіпті қиын кезде де ата-аналардың көпшілігі балаларын жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды.