Ақша үшін емес, дұрыс жауаптар үшін

28 қаңтарда мектеп-интернатта көңілді және ерекше шулы болды. Мектебімізде «Ақша үшін емес, дұрыс жауаптар үшін» атты тәттілер  жәрмеңкесі  өтті.  Қайырымдылық жәрмеңкесін  мектеп ұстаздары дайындады. Мектептің педұжымы  бұл  іс-шараны  «Қамқорлық» республикалық акциясы шеңберінде дайындап,  өткізді.  Үстелдер  қолдан  пісірілген тәттілерге  толы, ал  бүкіл мектеп  тәбетті  аштыратын  хош иіске  бөленді  . Мұғалімдер  өз  ойларынан және  фантазияларын  танытып,  «сауда» орындарын  безендірді. Оқушылар спорт залының жабық есіктерінің артында не күтіп тұрғанын сезген жоқ. Ән шырқалып, спорт залының есігі ашылды.  Спорт залға кірген оқушылар қатты таң  қалды. Ал, олар тауарды ақшаға емес, өз білімдерімен «сатып алу» қажет екенін білген кезде өте  қуанды. Тапсырмалар әр түрлі болды, бірақ оларды бір тақырып байланыстырды ол – «қамқорлық».  Тәттілер алған балаларды «Лакомка» кафесі күтіп тұрды, онда шырыны бар кружкалар  дайындалды.

Балалар қуаныштан жарқырады!  Олар өте риза болды,   көптеген қуанышты  әсерлер  алды!

Be the first to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published.


*