«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кампания шеңберінде 1-9 сыныптар арасында сабақтан тыс «Бала зорлығы – қоғам қасіреті» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
1.Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
2.Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға «Зорлық-зомбылықтың» түсінігі туралы айтылып өтті. Сонымен қатар оқушылар назарына «Өмір сабағы» ролигі ұсынылып, видео соңында кейіпкерлер өмірін талқылап, өз ойларын айтуға тырысты. Тәрбие сағатын қорытындылау мақсатында оқушылар өз қолдарымен тақырыпқа сай сурет салып, өз қолдарымен бұйымдар жасады.
Тәрбиешілер:
Байболова Ж.
Сагимбекова М.Б.