17.11.2023 ж. «№ 3 арнайы мектеп-интернаты» КММ әлеуметтік педагогы Ж. Т. Усенова 5-10 сынып оқушыларымен «Бопсалау дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіме мақсаты: «Бопсалау» деген құқықтық ұғыммен және қылмыстың осы түрі үшін жазалау шараларымен таныстыру.
Оқушыларды бопсалау деген ұғыммен таныстырды. Егер сізден мектепте немесе мектептен тыс жерде ақша талап етсе, қайда баруға болады. Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері қозғалды. Балаларға қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Әңгіме нақты мысалдарға негізделген.