Біліктілікті арттыру

 

3 ай бойы 72 сағат көлемінде ҚР педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістерін (АВА-терапия) пайдалана отырып, ерекше  білім беру  қажеттілігі  бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.

«АВА» аббревиатурасы «қолданбалы мінез-құлықты талдау»дегенді білдіреді. Бұл тәсіл өте танымал және ерекше білім беру  қажеттілігі  бар  адамдар үшін, әсіресе аутист балалар үшін тамаша түзету әдісі болып табылады.

Терапия баланың өміріне қажетті дағдыларды енгізуге бағытталған. Оның негізгі қағидасы өте қарапайым: егер бала өз әрекеттерінің нәтижелері мен салдарын ұнатса, онда ол оларды қуанышпен қайталайды. Сондықтан сабақ барысында әрбір жетістік көтермеленеді (мадақтау, бағалау, ойыншық, кәмпит), ал сәтсіздік мақұлданбайды немесе еленбейді.

Аутистистік  спектрі  бұзылған  бала  тапсырмаларды орындай  алу  үшін  оларды  шағын блоктарға  бөледі, әрбір блок дағдыларға  ие, оны игеру қажет. Уақыт өте келе балалар  күрделі мәселелерді шеше алатындай етіп блоктар қосылады. Осылайша, балалар ақпаратты тыңдауға, қабылдауға, әңгімелесушіге өз ойларын жеткізуге, әртүрлі жағдайларда өзін ұстауға үйренеді.

Ең негізгі блок келесідей көрінеді:

* тапсырма / сұрау;

* баланың реакциясы;

* «сыйлық» немесе «жаза».