
Түзету-дамыту апталығы аясында «Идеяңмен бөліс» көрмесінің презентациясы ұйымдастырылған болатын. Мында әрбір мұғалім өзінің сабағында қолданатын дидактикалық материалдарды таныстырып оларды көрсете алу мүмкіндігіне ие болды. Көрменің мақсаты: қолда бар дүниелерден өз қолымен жасаған дидактикалық құралдардың презентациясы, тәжірибе алмасу.
«Идеяңмен бөліс» көрмесі, ұқсас көрмелердің «Мұғалімдердің шығармашылық лабораториясы» атымен алдығы пәндік апталықтарда ұйымдастырылып тұрылуына себепші болды.