Дислексия

Адамның  қалыпты интеллектісіне қарамастан, мәтіндерді  оқудағы бұзылыс. Ол мектеп  жасының  алғашқы  жылдарында пайда болады.

Байқалуы:

-емле / таңба/ қиындықтары

-оқу  жылдамдығының  төмендігі

-дауыстап  оқудағы қателіктер

-буындарды  байланыстыра  алмауы  немесе  буындарды  тастап  кетеді.

2-3 сыныпта  анық байқалады.

Себептері:

Белгісіз, алайда ғалымдар генетикалық және қоршаған ортаға байланысты  екенін алға тартады. 1881 жылдан  зерттеліп, бұл оқудың бұзылуы  дисграфия сияқты  ОЖЖ-нің  жұмысына тікелей байланысты. Неврологиялық  ауытқу  ретінде  зерттеле бастады. Қалыпты оқи алатын, бірақ  кейінірек қабілетін жоғалтқан адамдар АЛЕКСИЯ деп аталатын бұзылысқа шалдығады. Афазияға шалдыққан, ми жарақаттарын алған кезде болады.