Тәрбиешілер онкүндігі аясында № 3 арнайы мектеп-интернатында «Ертегі маскалары» тақырыбында шеберлік – сыныбы өтті.
Шеберлік – сыныбын «Ақсу» балалар эко-техноорталығынан шақырылған қонағы қосымша білім беру педагогы Ирина Бережнова өткізді. Ирина Павловна қатысушыларды киізбен жұмыс істеу технологиясымен таныстырды. Шебердің жұмысы оқушылардың қызығушылығын тудырды.
Тәрбиешілер онкүндігі ертегілерге арналғандықтан, шеберлік – сыныпқа қатысушылары ертегі кейіпкерлерінің маскаларын жасады. Балалар тәрбиешілермен бірге кесіп, тігіп, желімдеп, тіпті үтіктеді. Барлық қатысушылар өз еңбектерінің нәтижелеріне риза болды.
Шеберлік-сынып аяқталғаннан кейін балалар ертегіні сахналағысы келді. Жеребе «Теремок» ертегісіне құлады. Әркім өзі жасаған кейіпкерді таңдады. Өз қолдарымен жасалған маскалар балаларға рөлді жақсы меңгеруге көмектесті.
Қоштасу кезінде Ирина Павловна №3 мектеп-интернатының оқушыларына «Ақсу» балалар эко-техноорталығының «Радуга талантов» үйірмесіне баруды ұсынды.