Жазу дағдысын қалыптастырудағы графомоторлық жаттығулардың пайдасы  

Жазу процесін түзету үшін саусақтық бұлшық ет қимылдарын дамыту қажет. Ол үшін сурет, еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет.

Жазу арқылы– қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Ол жаттығулар орындау барысында балалардың жазу дағдылары қалыптасады, есте сақтау қабілеті дамиды.

Қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіруге арналған жаттығулар:

Саусақтарға арналған жаттығулар:«Алақан», «Алақанды қыздыру», «Саусақтар амандасады» т.б.

Оқу мен жазуды үйрету – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен графикалық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті таңбалай білуге үйрету, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.

Осы бағытта мынандай жұмыстар жүргізіледі:

  1. Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, берілген нүктелерді қосу арқылы геометриялық фигураларды сызу, фигуралардың ішін штрихтау.
  2. Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.
  3. Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.
  4. Әріп элеметтерін сызу.

Сонымен қатар, әр түрлі дидактикалық арнайы ойындарды қолданған жөн.

Мысалы:«Кім пирамиданы тез жинайды?»,«Сиқырлы дорба»,«Кім жылдам?»,(шашылған ұсақ заттарды жинау),«Кесілген суреттерді құрастыру». Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар, ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады.

Тілі толық дамымаған балалардың көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту қажет. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұсақ әріп белгілерін ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді.

Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:

  1. Заттың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру;
  2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету;
  3. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету;
  4. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру;
  5. Көру қабілетін күшейту.

Сонымен қатар, осы бағытта Мария Монтессори әдістерінің бірін пайдалану тиімді.Қазіргі білім беру жүйесі оқу үрдісінде оқытудың жаңа әдістерін кең қолдануды талап етеді. Сондай әдістердің бірі – Мария Монтессори педагогикасы өзіне көптеген мамандардың назарын аударуда.

Мария Монтессори – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің қазіргі заманда да маңызы жойылмаған әдістемесін жасаған итальяндық педагог.

М.Монтессори педагогикасының тиімділігі, өзектілігі қазіргі уақытта да өз нәтижесін беруде.

Ойын: «Золушкаға көмек берейік»

Пайдаланатын құралдар: күріш, горох.

Шарты:Ойын барысында балалар күрішті, горохты бір-бірінен ажырату керек.

«Бисермен ойын»

Шарты:Ойын алдында моншақтарды араластырады. Балалар түс, көлемі бойынша ажыратып, бөлек қораптарға салады.

Ойын барысында балалардың көру түйсігі қалыптасады, саусақтарының қимылы бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуы дұрысталады.

М. Монтессоридің зерттеуі бойынша, бала алдымен жазуды үйрену керек, содан соң оқуды. Жазуға қарағанда оқу процесі қиын соғады. Жазуды үйрену алдында бала сөздегі дыбысты ажырата білу керек, әр дыбыс қандай әріппен таңбаланатынын, жеке әріптерден сөз шығару, сосын сөзді жазып шығу.

Осы бағытта жүргізілетін жұмыс түрлерінің бірі – қатты қағаздан қиылған әріптер. Бұл М. Монтессоридің әдісі – «Шероховатые буквы»деп аталады.

Бала дыбыстық талдауды меңгерген соң, ол сол дыбыстардың таңбасын білу керек. Баланың көру түйсігімен қатар, саусақтардың сезім қабылдауы дамиды. Саусақтарымен әріптің үстінен жүрген кезде, бала көзбен саусақтардың жүру бағытын қайталайды.

  

Логопед:Тусупбекова Дана Ерболатовна