Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар мен және кәмелетке толмағандарды оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне
4-қосымша

 

Атауы Бір балаға арналған норма (күніне граммен)
мектеп жасына дейінгі мектеп жасындағы
1 2 3
Азық-түлік
Қара бидай наны 60 150
Бидай наны 100 200
Бидай ұны 35 35
Картоп ұны 3 3
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері 45 75
Картоп 300 400
Көкөністер және басқа да түрлі жемістер 400 470
Жаңа піскен жемістер 260 250
Кептірілген жемістер 10 15
Шырындар 200 200
Кондитерлік бұйымдар 25 25
Қант 55 70
Сары май 35 50
Өсімдік майы 12 18
Жұмыртқа (дана) 1 1
Сүт, қышқыл сүт өнімдері 500 500
Сүзбе 50 70
Ет 95 100
Құс еті 25 30
Балық және майшабақ 60 110
Шұжық өнімдері 10 25
Қаймақ 10 10
Ірімшік 10 12
Шай 0,2 0,2
Кофе 2 4
Какао 1 2
Тұз 8 8
Дәмдеуіштер 2 2
Ашытқы 1 1

Ескертпе:

1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.

2. Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес бөлінген қаражат шегінде жүргізуге рұқсат етіледі.

3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернаттық ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін тамақтандыруға белгіленген шығыстар жүргізілмейді.

4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балараға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернаттық ұйымдардың басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі.

5. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

6. Музыка немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.