«Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

31.10.2024 «№ 3 арнайы мектеп-интернаты»  КММ-де «Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру қызметін ұйымдастыруда педагогтердің шығармашылық құзыреттілігін арттыру (педагогтің жаңа педагогикалық идеяларды, педагогикалық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін іздестіру және практикаға енгізу қабілеті).

Педагог ретінде біздің басты міндетіміз – балалармен жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формаларын, жеке тұлғаны дамытудың мақсатына оңтайлы сәйкес келетін және БАЕҚ бар балаларды әлеуметтендіруге бағытталған инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау.

Педагогикалық кеңес іскерлік ойын түрінде өтті. Спикерлер қолданылатын технология туралы, оның қандай мақсатқа қолданылатынын, технологияның артықшылықтары мен кемшіліктері, пайдалану ерекшеліктері туралы айтып, осы технологияны өзінің педагогикалық қызметінде пайдалану тәжірибесімен бөлісті.