Күзгі демалыстың басталуымен біздің балалар үшін жолдарда, су қоймаларында, орманда, ойын алаңдарында, аулаларда қауіпті болуы мүмкін. Бос уақыттың болуы, балалардың қызығушылығы, ең бастысы ересектердің тиісті бақылауының болмауы жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
– Балалардың жолдың жүру бөлігіне шығуына жол бермеңіз. Балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын қатаң қадағалаңыз. Балаларға қауіпсіз және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін тағы бір рет көрсетіңіз, жол ережелерін еске түсіріңіз. Автокөлікпен жүру кезінде әрқашан балаларды қауіпсіздік белдіктерімен бекітіңіз.
– Балалардың сіздің бақылауыңызсыз көшеде болуына жол бермеңіз. Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз сағат 22.00 ден кейін кеш жүруге рұқсат бермеңіз.
– Балаларға су қоймаларының жанында болуға рұқсат бермеңіз, балалардың мұзға шығуына жол бермеңіз.
– Балаларыңызға өрт қауіпсіздігі ережелерін және тұрмыстағы қауіпсіздік техникасы ережелерін, Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелерін еске түсіріңіз.
Балаларыңызды жедел қызмет телефон нөмірлерінің, жақын туыстарыңыздың телефондары мен өз телефондарыныздың қажетті тізімімен қамтамасыз етіңіз.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау-ересектердің басты міндеті.
Балаңызға қауіпсіз демалысты қамтамасыз етіңіз!!!
Әлеуметтік педагог Ж.Т. Үсенова