«Мектеп-кеме, білім-теңіз» демекші бүгін шаңырағымыздың төрінде » Мектебім, құттықтаймыз бүгін біз!» атты мерейлі 50 жылдыққа арналған концерт өтті. Білім теңізінде 50 жыл жүзіп келе жатқан алтын ұямыздың тойын тойлауға жылдар бойы ерен еңбек еткен ардагерлеріміз, барша қызметкерлер жиналды. Адал қызметі мен мектеп өміріне қосқан елеулі үлесі үшін ардагерлер, ұстаздар қауымы, қызметкерлер облыстық білім басқармасының, Ақсу қалалық кәсіподақ ұйымының, мектеп басшылығының атынан алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылар мен сегіз қырлы, бір сырлы жас буын педагогтері өз шығармашылығын паш етті. Осындай дүбірлі тойға ат салысқан баршаңызға мың алғыс. Арнайы білім саласына қосқан үлестеріңіз арта берсін! Екінші қара шаңырағымыз-мектеп-интернатымыз көркейіп ғасырға татитын тойын тойлауға жазсын! Бейбіт аспан астында төрт құбыламыз түгел, амандық пен саулықта, денсаулық пен байлықта болайық!