Оқушыларға білім алудың маңыздылығын түсіндіру және оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастау мақсатында мектептегі алғашкы күн «Менің Отаным – Қазақстан» атты сынып сағатымен басталды. Сынып сағатында барлық оқушылар Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіріп, еліміздің әнұранын орындады. Сынып сағаты аясында жеке қауіпсіздік сабақтары да өткізілді. Бұл сабақтардың мақсаты – балаларда жеке қауіпсіздік пен басқаларды қорғауға саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру.