Менің құқығым және міндеттерім

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» кампания шеңберінде 1-9 сыныптар арасында сабақтан тыс «Менің құқығым және міндеттерім» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:
1. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
2.Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3.Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз құқықтарымен және міндеттерін атап айтып шықты. Оқушылармен тақырыпқа сай ойын ойнатылды. Қорытынды ретінде оқушылар өз құқық және міндеттерін тексеру барысында коллаж құрастырды.
Тәрбиешілер:
Байболова Ж.
Сагимбекова М.Б.