Мен өз іс-әрекетіме жауаптымын

«Мен өз іс-әрекетіме жауаптымын» атты тәрбие сағаты 1-9 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты:
1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
2. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында тақырыпқа сай жағдаяттарды оқушылармен көрініс көрсетіп, жағдаятты шешу жолдарын қарастырдық. Сонымен қатар жазушы Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмінен үзінді тамашалап, талқыға салдық . Бұл жерде оқушылар өздеріне қажетті үлкен ой түйді. Әр кім өзін көре білді.
Тәрбиешілер:
Байболова Ж
Сагимбекова М.Б.