Ми жаттығуларының түрлі атаулары бар. Ми гимнастикасы, нейрогимнастика, нейрожаттығу және кинезилогиялық жаттығулар деп атауға болады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқада органдарға оң әсер етеді. Негізі кинезиологиялық ғалымдардың айтуынша жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Жаттығуды 2 жастан асқан балаларға жасатып бастайсыз.
Оны неден бастайсыз? Алдымен саусақ, қолмен, аяқпен айтылатын тақпақтарды, ертегілерді айтқызып үйретеміз. Әбден жаттыққан соң 4 жастан бастап, барлық жаттығуларды оң қолмен жасауды үйретеміз, кейін сол қолмен, екі қолын жаттықтырып алғаннан кейін екі қолмен қатар жасайсыз. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінің дамытамыз, шығармашылық қабілетін ашамыз.
Ми дұрыс даму үшін екі жарты шарды дамыту маңызды. Кейбір адамдардаң сол жақ жартышары басымдылық танытса, кейбір адамдарда оң жақ жартышары басымдылық танытады. Екі жартышардың байланысын белсендіру әдістерінің бірі –екі қолмен сурет салу. Бұл жерде салынған суреттің маңыздылығы емес, тапсырманың жаңа болу деңгейі маңызды. Себебі ми жартышарларының арасында байланыс орнату барысында баланың оқу қабілеті жоғарылайды, яғни білім алу айтарлықтай жеңіл және эфективті болады.
Сол жақ ми бөлігі сөйлеуге, логикаға, сандарға, анализ жасауға, оқуға, жазуға, дененің оң жағына, себеп-салдар байланысын орнатуға, жалпылауға, уақыт шамасына жауап береді.
Сол шақ жартышарды қалай дамытамыз?
- Страгиялық ойындар ( үстел ойындары)
- Ребустар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар
- Математикалық тапсырмалар
- Оқу және жазу
- Уақытты стрелкасы бар сағат бойынша үйрету.
Ал оң жақ ми фантазияға, дыбыстарды қабылдау (жан-жануарлар, құстардың дыбыстары, көше немесе үй дыбыстары), интонацияға, символдар мен бейнелер, эмоциямен байланыс, бет әлпет пен түсті қабылдау, шығармашылық, толық қанды бейнелер (суреттер), яғни бөлшектеп емес, арманға, өлшемге, көрген түстерге, музыкаға жауап береді.
Оны дамыту үшін не істейміз?
- Тыңдауға үйретеміз, яғни айналадағы дыбыстарға назар аудартамыз, кейін сөйлеуіне ықпал етеді.
- Музыка тыңдаймыз.
- Заттардың құрылымын зерттейміз(ұстап көреміз, иіскейміз, дәмін көреміз)аттарын атап, пассивті сөз қорына қосамыз.
- Картиналарды қарап, зерттейміз.
- Көп қимылдаймыз (секіреміз, жүгіреміз, еңбектейміз)өз денемізді зерттейміз.
Ми жаттығуларын жасауда қандай шарттарды орындау қажет?
- Жаттығуды таңертең жүргізген жөн.
- Нәтиже болу үшін күнделікті жасау.
- Жаттығу жасайтын жер жайлы болу керек.
- Жаттығу мен қимылдарды нақты орындалуын қадағалау қажет.
- Жаттығуды тұрып немесе үстелде отырып жасау керек.
- Жаттығуды жасау ұзақтығы баланың жасына сәйкес (күніне 5-10 мин бастап 20-35 мин дейін).
Кинезиологиялық жаттығулар баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін, яғни барлық таным процестерін дамытады. Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді кинезиологиялық жаттығулар арқылы жетілдіруге болады.
Кешендірілген жаттығулар мынадан тұрады:
*СОЗЫЛУ ЖАТТЫҒУЛАР
*ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАР
*КӨЗ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
*ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
*РЕЛАКСАЦИЯ
* ҰСАҚ МОТОРИКА
Созылу жаттығулары-шамадан тыс бұлшық еттің ширығуымен босаңсуының гипертонусын реттейді.
Тыныс алу жаттығулары – ағзаның жүйелігін жақсартады. Адам өзін-өзі бақылауын, өзіне деген сенімділігін жетілдіреді.
Көз жаттығулары – көз қарасты кеңейтіп, қабылдауларды жақсартуға мүмкіндік береді.Бір жаққа немесе әртүрлі мақсаттағы қозғалыс тілді жетілдіріп және ағзадағы күшті жоғарлатады.
Дене жаттығулары – ми сыңарлары өзара әректтесіп, еріксіз қозғалыстар бұлшық еттің қатаюына себебін тигізеді. Демек, адамға ойды бекіту үшін қозғалыс қажет.
Релаксация – босаңсытуға және шаршағанды басады.
Ұсақ моторика – саусақ қозғалысы арқылы баланың тілін дамытады.
Кинезиология – нақты қозғалыс жаттығулары көмегімен ақыл – ой қабілетін дамытатын ғылым. Осы жаттығулар арқасында жаңа нейронды желілер жасауға мүмкіндік бар және ақыл – ой дамуының негізі болып келетін ми шарты шарлары арасындағы қатынасты жақсартуға болады.
Сабақ барысында өзім практикада қолданып жүрген келесі жаттығуларды ұсынамыз.
«Сақина»
Қолдардың саусақтары кезекпен және мүмкіндігінше тез, сынақ дәйекті түрде басбармаққа, сұқ саусаққа және әрі қарай жалғаса береді.
Тура және кері ретте орындалады. Жаттығу бастапқыда бөлек әрбір қолмен
орындалады, содан соң бірге орындалады.
«Лезгинка»
Сол жақ жұдырығын түйіңіз, бас бармақта жұмбай-ақ қойыңыз.
Жұмған саусақтарды ашып, оң қол алақанымен горизонталды бағытта
беттестіріңіз. Енді оң қол мен сол қол жаттығуын алмастыра жасау.
Осы жаттығуды 6-8 рет қайталау. Және жылдамдықты үдете түсу.
«Құлақ-мұрын»
Мұрынның ұшын сол қолмен ұста, оң қолмен қарама- қарсы құлақты ұста.Құлақ пен мұрынды бір уақытта жіберіп, алақанды соғу.
Қолдардың жағдайын керісінше алмастырыңыз да дәлдікпен қайталаңыз.
«Жұдырық – алақан»
Екі қолда үстел үстіне не тізеге төмен қаратып қояды, бір қолды жұдырықтап жұмады. Бір мезгілде жұдырықты ашады, ал екінші қолын жұдырықтап жұмады. Осылай бірнеше рет ауыстырады. Қозғалысты жылдамырақ жасауға болады, бірақ ашып – жұму барысы дұрыс орындалуы керек.
Міне бізде – алақан, міне бізде – жұдырық!
Тез ашамыз – жұмамыз.
Тез ашамыз – жұмамыз.
«Құймақ»
Оң қолының алақанын төмен қаратып тізеге қояды, ал сол қолының алақанын жоғары қаратып екінші тізеге қояды. Бір уақытта позициясын ауыстыру керек: оң қолының алақанын жоғары, ал сол қолынын алақанын төмен қаратып қояды. Жаттығу жасау барысына сәйкес қозғалыс ырғағын жылдамдатуға болады.
Алақанмен ойнаймыз
Құймақ жасап береміз.
Аударамыз құймақты
Аударамыз құймақты
Ойнап ойнап аламыз.
«Саусақтарымыз амандасады»
Барлық саусақтарды кезектесіп бас бармаққа тигізеді. Әр буында әр саусақты бас бармаққа тигізеді:
1 – 2, 1 – 3, 1 – 4, 1 – 5, 1 – 4, 1 – 3, 1 – 2. Кейін қолдарын ауыстырады.
Шыбын – шіркей, қоңызды,
Іздейді кеп торғайлар.
(Қол ауыстырады).
Шөп арасын қарады,
Ағашты да қарады.
«Жұдырық –қабырға– алақан»
Балаға қолдың үш жағдайын жазық үстел үстінде көрсетеді. Бір-бірінен айырмашылығы ашқанда алақан, жұмғанда жұдырық, қырынан қабырға болып қалатынын ажыратады. Бала педагогпен бірге сынақты орындайды да, 8-10 рет қайталағаннан кейін, бала есте сақтау қабілеті бойынша өзі істейді, егер қиналып жатса ауызша немесе қолмен ымдап көмектесуге болады.
Түзету -дамыту жұмысында доппен ойындар ойнауға болады. Ежелгі заманнан доппен ойындар тиімді екені белгілі. Мұндай ойындар әлем халықтарының барлығында кездеседі. Оған кез келген допты алуға болады.
*Пластмассадан жасалған
*Резеңкеден жасалған
*Үрмелі
*Папье – машеден және су-джок т.б.
Нәтижесінде
-Доппен ойнаған кезде бала тіл кемшілігіне көңіл бөлмей қарым – қатынасқа бейімді болады.
– Оқу қызметінде бір қалыпты отырудан босатады.
– Түзете- дамытуда оқу қызметінің түрлерін түрлендіруге көмектеседі.
– Жалпы және ұсақ моториканы, кеңістікте бейімделуін дамытады.
– Тілдің просодиялық құрамын дамытуға бағытталған жұмыстарға көмектеседі.
– Қозғалыс күші мен нақтылығын реттейді.
-Доппен арналған ойындар гипербелсенді балалардың эмоционалды – күш сферасын дамытады және ретке келтіреді.
– Бұлшық ет күшін дамытады, зат алмасуды жақсартады және негізгі мүшелердің жұмысын жақсартады.
Доптың көмегімен ұсақ моторика мен дене арқылы сезінуге арналған арнайы құралдар дайындауға болады.
- «Түрлі – түсті шарлар» – қол саусақтарымен шариктерді жоғары – төмен айналдырып домалату.
- «Жаңбыр» – шариктерді домалату.
- «Парашютистер» – дауысты дыбыспен шариктерді домалату.
- «Жүзеді, жүреді, шабады» – арнайы жолдармен шариктерді домалату.
Екі қолмен сурет салу
Сол жақ Оң жақ
Миға арналған гимнастика – бұл дислексияның пайда болуын болдырмауға, яғни оқу дағдыларын бұзылуын алдын алады.
Тәжірибие көрсеткендей, сабақ барысында бұл жаттығуларды қолдану оң нәтиже беруде. Зерттеулерге сүйенсек, 80 елдің тәжірибесі көрсеткендей, ми гимнастикасынан қозғалыс жаттығулары қолданылған мектептерде балалардың көрсеткіштері жақсарды. Олар оңай әрі қуанышпен үйрене бастады. Стресс деңгейі төмендеді.
Осы жаттығулардың нәтижесінде бала:
- мидың екі жарты шарлары арасында байланыс түзеді.
- ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады.
- оқу және жазу процестері жеңілдейді.
- қол мен көзді үйлестіру жақсарады.
- кеңістіктегі ойлау жақсарады.
Қорытындылай келе, бұл жаттығуларды әр педагог сабақтарында табысты қолданып жүрсе, сабақ процесі әлдеқайда қызықты, балаға жеңіл болады. Баладағы барлық таным процестерінің қалыптасып, дамуына кинезиологиялық жаттығулардың пайдасы зор және оны әрбір педагог сабақта ұтымды қолданса, « нұр үстіне, нұр болар» еді.
x