«Оқитын мектеп» жобасы аясында «Оқитын ата-ана», сондай-ақ «Оқитын ата-ана-тыңдай білетін бала» отбасылық оқуы ұйымдастырылды.
? Балаңызға кітап оқығанда, оны сөйлесуге ынталандырыңыз, оған диалогқа қатысуға және сезімін көрсетуге мүмкіндік беріңіз. Бұл сіздің балаңыздың эмоционалды өсуіне және сізді рухани жақындастыруға көмектеседі.
?Балаларыңыз өсе келе, сіздің оларға қалай оқығаныңызды еске түсіреді, және де өз балаларына да оқып береді. Салт-дәстүрлер отбасын нығайтады, дауыстап оқу жалғасын табатын тамаша дәстүр.
?Дауыстап оқу балалардың сөздік қорын кеңейтуге, сондай-ақ олардың тыңдау және зейін қою қабілеттерін дамытуға көмектеседі.