Баланың назарын қалай дамытуға болады?
Баланың мектептегі қиындықтарына ата-ананың шағымы бұл назарының даму деңгеінің қанағаттығы.
Қамқорлығындағы сана процестерінің бағдар көріністерін түсіну. Бес жеті жастағы балаларда еріксіз назар басым.
Мектепке дейінгі балалар сыртқы әсер назарында болады себебі, олар жас ерекшелігіне қарай назарын басқара алалмайды. Тіпті мектеп басталғанға дейін балада біртіндеп ерікті көңіл қалыптасады, қызықты және қызықсыз әртүрлі тапсырманы мұқият орындайды.
Бала назарын дамуына көмектесетін
бірнеше ұсыныстар келтіреміз
Өздігінше болуды дамытамыз. Күндегі қызметі мен жауапкершілігі өзін тәртіпке қалыптастыруға ықпал етеді. Үйдің ішінде киімдер мен ойыншықтар әрбір жерде шашылып жатпау керек, оларды арнайы берілген жерде сақтауға тырысыңыз. Осыған қарап балалар тазалықты бағалайтын болады.
Өзіңізден бастаңыз. Баламен бір жұмыспен айналысыңыз және өзіңіздің назарыңызды басқаға аудармаңыз. Барынша басқа заттарға қарамауға тырысыңыз телефон, теледидар т.б. Баланың назарын өзіңізге қаратып және тоқтатып сосын ғана сөйлеуді бастаңыз. «Кел қасыма отыр, өтінемін!»-деп айтыңыз.
Тәртіп сақтаңыз. Тәртіп сақтаған балаға қорғану және тұрақтылық сезімін береді, сондай-ақ белгілі бір қызмет күйін келтіреді. Балаңыз қатты шаршамасын, демалсын, ұйқтасын соны бақылаңыз.
Баланың назарын сақтаңыз. Бала бірдеңе істеп отырса, оны жаңа тапсырмалар беріп алаңдатпаңыз.
Баланың назарын дамытатын ойындар
1. «Жинап ал және салыстыр». Қағаздан әр түрлі ені және ұзындығы әр мөлшерде геометриалық фигуралар қиыңыз оны карточкада салуға болады. Балаларға қиылған фигураларды 3-тен бастап 6-ға дейін карточкалар ұсынылады, әр түрлі көлеиде, өсу немесе кему ретінде оны қою керек.Бала заттарды еніне, ұзындығына, көлеміне қарай салыстыру керек екенін үйренеді.
2. «Ақ парақ». Ақ парақтың екі бетін алыңыз. Оған бір түрлі геометриялық фигураларды салыңыз. Бірінен фигура кесіңіз біреуін карандашпен бояңыз. Бала ақ парақпен түсті фигураларды жабу қажет.
3. «Бітпеген сүреттер». Ақ параққа бітпеген бірнеше сүрет салыңыз, балаңызға сүретті бітіріп тастауды ұсыныңыз.