Сөйлеу тілінің нормасы

СӨЙЛЕУ НОРМАСЫ

Тіл бұзылыстарына жеке-жеке тоқталмас бұрын, сөйлеу тілінің нормасын анықтап алайық. Сөйлеу тілі – енжар және белсенді сөздік қорлардан тұрады. Сөздік қормен қатар моторика,қимыл әрекет, сезім мүшелерін зерттей отырып балаға диагноз қойылады. Бала жасына сай орнатылған нормалық сөз қоры бар:

2 жаста:

✅ Баланың сөздік қоры 50 сөзден тұрады.

✅ 2-3 сөзден тұратын сөйлем құра  алады.

✅ Дене мүшелерін атап бере алады.

✅ Отбасы мүшелерін толықтай танып, сурет бойынша көрсете алады.

3 жаста:

✅ Сөздік қоры 400-500 сөзден тұрады.

✅ Жасын, атын айта алады.

✅ Аз, көп ұғымын түсінеді.

✅ Жиі сұрақ қояды.

✅ Заттың көлемін, түсін айта алады.

4 жаста:

✅ сөздік қорында 1000нан аса сөз бар(белсенді, енжар)

✅ Етістіктің шақтарын қолдана алады.

✅ Санап үйрене бастаған.

✅ Әріптерді біледі.

✅ Қысқа ертегілердің мазмұнын айта алады.

 

5 жаста:

✅ Сөздік қорында 2000 аса сөз бар.

✅ 5-6 сөзден тұратын сөйлем құрай алады.

✅ Түсінігін айта алады.

✅ Оң, солын таниды,қарама-қарсы мағынаны түсінеді.

✅ 10 ға дейін санай алады.

6 жаста: ⠀

✅ Сөздік қоры 3000аса сөзден тұрады.

✅ Ойын анық айта алады.

✅ Түсінгенін өзгеге түсіндіре алады.

✅ Сөз таптарын толықтай қолдана алады.

✅ Барлық дыбысты дұрыс айта алады.

Әрине, барлық бала осы нормаға сай бірден сөйлеп кетпейді, кейбіреулеріне кішкене кешірек болуы да мүмкін. Алайда, баланың психологиялық ерекшеліктері, талпынысы, қимыл әрекетін ескере отырып, артта қалу деңгейін байқасаңыз бірден мамандардың кеңесіне жүгінгендеріңіз жөн.

 

Логопед: Тусупбекова Д.Е.