«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында педагогтарға «Оқушылар арасында жеке тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі бойынша педагогтерге құқықтық білім беру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда педагогикалық зорлық-зомбылық және оның салдары, себептері мен көріністері сияқты мәселелер көтерілді, және, әрине, баланы педагогикалық зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болатындығы туралы айтылды. Семинар соңында барлығы ең бастысы оқушыға оны еститінімізді және көмектесуге дайын екенімізді көрсету деген қорытындыға келді.