Қысқы ойындар қызығы

2019  жылдың 26 қаңтарында мектебімізде  салауатты өмір салты жоспарына сәйкес, ептілік, дәлдік дағдыларын қалыптастыру,  топ болып ойнауға, бір-біріне көмектесуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында  қысқы көңілді ойындар өткізілді. Ойын барысында шанамен жалауша арқылы кеглилердің арасынан тигізбей қатты жүріспен жүріп өту, шайбаны хоккей таяғынан бөліп алмай берілген жерге дейін жүгіріп өту, арқан тарту, қаппен секіру сияқты түрлі эстафеталар болды. Балалар жеңіске жету үшін талмай еңбектеніп, берілген уақытты қызықты өткізіп, тамаша көңіл-күймен  түскі астарын қабылдауға кірді.

Қыс өз ерекшелігімен сәнді, сондықтан алдағы күнде әлі де қызықты күндер күтіп тұрғандығы сөзсіз!

Дене шынықтыру мұғалімі

Ш.Б.Акетов